Қарағойшиева Данель Алмасбековна 1978 жылы туылған. Ұлты – қазақ, 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университеті роман-герман филологиясы факультетін бакалавр академикалық дәрежесі және филолог, жоғарғы оқу орнындағы неміс және ағылшын тілдері мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. 2001-2005 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің жалпы тіл білімі кафедрасының күндізгі бөлім аспиранты, 2005-2008 жылдары аталмыш университеттің филология факультетінің жалпы тіл білімі кафедрасы күндізгі бөлімінің PhD докторанты болды. Жалпы еңбек стажы – 27 жыл, жоғары оқу орнындағы стажы – 23 жыл. 2005 жылдың наурыз айында 10.02.20 – салыстырмалы- тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі мамандығы бойынша профессор Э.Д Сүлейменованың жетекшілігімен «Кес(у)-schneiden мағынасындағы етістіктердің семантика-синтаксистік валенттілігі» атты кандидаттық диссертациясы қорғалды. 2008 жылдың мамыр айында лингвистика, жалпы психолингвистика және билингвистика мамандығы бойынша отандық жетекшісі профессор Э.Д Сүлейменованың және шетелдік жетекшісі Сесилия Оденің (Нидерланды, Амстердам) жетекшілігімен «Экспериментально-фонетический анализ интонации казахского языка» атты PhD докторлық диссертациясы қорғалды. Д.А. Қарағойшиева филология факультетінде «Шет тілдік филологиялық зерттеудің ғылыми парадигмасы», «Филологиядағы компьютерлі технологиялар», «Филологиядағы жалпы методология», «Ауызшы аударудың теориясы мен практикасы»», «Шетел тілі (кәсіби)», «Екінші шет тілі (A1, A2, B1, B2)» курстары бойынша дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізеді. 2010-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің дарынды жас ғалымдардың Мемлекеттік шәкіртақының иегері (2010 жылғы 23 қыркүйек айының № 575 Білім және ғылым Министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген). Алматы, Астана, Көкшетау, Мәскеу, Тюмень, Бішкек, Ярославль қалаларында өткен халықаралық конференцияларға қатысады. Барлығы 67 ғылыми еңбегі, 2 оқу-әдістемелік құрал, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 3 монография, 3 Scopus базасына кірген ғылыми мақала жарық көрді (2016, 2018, 2024).  


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

АШТПИ
Жоғары
2001

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
15.10.2005
Қызығушылығы